.RU

Актердің шығармашылық тұлғасын кәсіби дайындауда мәтінді талдаудың маңыздылығы Әож 792 Түйіндеме

Дата07.06.2017өлшемі149.36 Kb.
Кулетова Ұлбосын Ахметқызы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті

Аға оқытушы, Түркістан қаласы.

Saltarai@mail.ru



актердің шығармашылық тұлғасын кәсіби дайындауда мәтінді талдаудың маңыздылығы

ӘОЖ 792


Түйіндеме

Бұл мақалада сахна тілі сабағында мәтінді талдау және мазмұнын ашу әдістемесінің негізгі бағыттары, сөз бен сөздің өзара байланысы мен оларды талдау жүйелілігі қарастырылған. Мәтіндегі тілдің орфоэпиялық ережелері, логикалық және психологиялық кідірісті сақтауы және көрермен алдында сөйлеу тәсілдері зерттеледі. Сонымен қатар, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтаумен қатар, логикалық сауаттылықты да орнымен қолдану жолдары қарастырылады. Сахнада әрбір сөйленген сөз жүйелі, анық, түсінікті болуы тиіс. Тіл мен сөз бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да, актердің шығармашылық тұлғасын кәсіби дайындауда жалпы мәтінді талдау, мазмұнын ашу, сөз астарын саралау өте қажет. Мәтінмен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру шаралары мен «үстел маңының» маңыздылығы, тыныс белгілерінің шарттары мен тілдегі көркемдік құралдардың қолдану тәсілдері айтылады.



Кілт сөздер: сөз, екпін, кідіріс, мәтін, орфоэпия, пунктуация, актер, логика.
Сахналық образды толық ашатын негізгі құрал – сөзге өте ұқыпты қарау керек. Сөздің анықтығы, дауыстың мінсіздігі, тілдің тазалығы актер үшін ең қажетті шарт. Актер ең алдымен автордың тіл ерекшелігін, көркемдігін нақтылы мағынада, образды қалпында жеткізіп, үстемелеп, қайталап келетін сөйлем орамдарынан туатын интонация күйлерін дәл тауып, аузынан шыққан әрбір сөз ішкі ойды қопара, өзімен бірге ақтара ала шығу керек. Сөз сөйлеу мәнеріндегі талғампаздық пен таптауырындылыққа ұрынбау шарт.

Алынған шығармамен жұмыс жасау барысында әрбір сөздің қажеттілігі мен ойландыратыны актерден мәтінге үңіле қарауын талап етеді. Мәтіннің ішкі, сыртқы қырларын жетік меңгерген актер ондағы дыбыстарды ойнату арқылы бейне жасап, әрі төгіліп тұрған сөз сазынан тыңдаушыға әдемі де, әсерлі ой қалдырады. Сондықтан актер ең алдымен, мәтінмен жұмыс істеуге ерекше күш салу қажет.

Драмалық шығарманы көрерменге бейнелі, анық және әсерлі етіп жеткізу үшін, мәтінмен ұзақ жұмыс істеуге тура келеді. Тіл мен сөздің бір-бірімен байланысын ғана алмай, олардың сөз қызметі, мәтін, мәтін мазмұнымен өзара байланысын да қарастырған жөн. Сөз бен тілдің байланысы сөйлеудің көптеген қырларын түсіну үшін аса маңызды. Сөз – мәтіннің сыртқы көрінісі. Қазақ сөз өнеріне аса жетік, сөздің қадір – қасиетіне мән берген халық дейміз. Ойлы, қисынды пікірін көркем де шұрайлы тілмен, сезімталдықпен жеткізе білу өнер, баға жетпес шешендік шеберлік саналған. Мәтінді талдап, саралау үшін көптеген иірімдерді талдап өту қажет. Сөз астары, пунктуациялық белгілер, екпін, кідіріс, шарықтау шегі, үн бояуы арқылы мәтіннің сырын түсіне бастайсың.

Рөлдің сөзін көрермен қауымға баяндап беру үшін, кәсіпқой актерлерге дәл түсінген мәтін сөзі мен күшті әрі айшықты тіл, әдемі үннің бояуы, нық дикция қажет. Мәтінмен жұмыс барысында негізгі сөздерді анықтап, үзілістер жасап, логикалық талдаудың негізін, пунктуациялық белгілердің не үшін қойылғанын анықтаған жөн. Сонда мәтіннің мазмұнын оңай анықтап, қандай міндеттерді атқару керектігін түсінуге болады. Сахнада бір сөзді жібермей, өз мәнімен сөйлеп, әр қозғалыс-қимылын есеппен дәл пайдалану өте шеберлікті керек етеді.



Білімгерлердің ойы ұшқыр, тіл шеберлігін шыңдайтын, ішкі ой астары мен көркемдігін анықтауға мүмкіндігінің зор екенін үстел маңында анықтауға болады. Мәтінмен жұмыс жасаудың ең бірінші сатысы, ол «үстел маңы». Драматургиялық шығарма жан-жақты, терең талданып, шығарманың идеялық мазмұнын ашуға тырысады. Драматург ұсынған пьесаның идеясын айқын ашып, оның тәлім-тәрбиелік мәні мен көркемдік жақтарын халыққа жеткізу, құнды шығармаларды халыққа дер кезінде таныта білу театр саласының басты міндеті. Шығармадағы басты кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Пьесаның жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөнінде де сұрақтар өрбіп, пікір-талас туындайды. Зерттеле келе, пьесаның авторы ұсынған ойы, мақсаты, негізгі желісі ашылады. Актер шығармадағы кейіпкерлер қақтығысы неден өрбіді, типтер мен образдарды қалай мүсіндеу керек, әрбір кейіпкердің сөйлеу мәнерін қалай ашамыз?- деген сұрақтардың жауабын табуы қажет. «Драматургия – көркемөнердің ең бір күрделі саласы. Спектакльдің жақсы шығуы тек пьесаның жазылуына ғана байланысты емес. Сонымен қатар, режиссердің, актердің, суретшінің, композитордың, тұтас ұжымның жемісті жұмысына байланысты»- дейді журналист, ғалым Т.С.Амандосов[1.39]. Демек, пьесаны алып, оны бірден сахнаға шығара салмайды. «Үстел маңында» оны талдап, әрбір сөзіне мән беріп, актерлерден бөлек суретші, декоратор, музыка, жарық суретшілері де саралайды. Егер сахналық қойылымдағы кейіпкер бейнесі бұлдыр шықса, онда пьесаның мәтінін түсінбеген болып табылады. Мұның бәрін айқын да, ашық жеткізуші – актер. Өйткені, К.С Станиславский сөзімен айтқанда, пьесаның сөзін жазушы драматург болса, оны айқындап түсіндіруші – актер. Таңдалған драматургиялық шығарманың мазмұнды болып, көрерменге ұнамды болуы актердің шеберлік техникасына байланысты. Шығарманы таңдай және оны талдай білу режиссердің шеберлігіне байланысты. Шығарманың тақырыбы, құрылысы, баяндау тәсілі мен тілі тағы басқа да компоненттер автордың еркіндегі нәрселер, ал осыны сахналау табанды еңбекті, тәжірибе мен талантты талап етеді. Шығармашылық ізденістері үйлесімділік тапқан ұжым ғана театр өнеріндегі жетістікке қол жеткізеді. Спектакльді бағалаудың өзі – пьесаны талдау мен оның сахнаға шығарылған дәрежесінен байқалады.

Пьесаның көркемдік деңгейінің ашылуы режиссердің табысы. Режиссер пьесаны оқып қана қоймай, әрбір оқиға мен қақтығысты іштей суреттеп, зерделеп, өмір талабына сәйкес үйлестіре білуі қажет. Әбден зерделеп біткеннен кейін ғана пьесаның формасын анықтауға кіріседі. Драматургиялық шығармалардың мазмұны мен формасын анықтау онша қиын емес. Шығарманың жалпы мазмұны фактілер мен кұбылыстар, әлеуметтік жағдайдың белгілі бір бөлшектері болады да, ал шығарманың ішкі мазмұны бір нәрсені қолдаушы немесе бір нәрсені жоққа шығарушы идея болады. Осы идеяны өрбіте отырып, әрбір қақтығыстағы сөз астары мен ішкі монолог желісі табылса сөз жоқ, көркемдік деңгейінің шарықтау шегіне жетері анық.

Талдаудан көзделетін негізгі мақсат – шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын ашу, көркемдік өзгешеліктерін түсіне білу болып табылады. Мәтінмен жұмыс жүргізу төмендегідей ұйымдастырылады:

- драмалық шығарма мәтінін толық оқып шығу;

- мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну;

- мәтін тақырыбын анықтау;

- мәтіндегі негізгі оқиғаны табу;

- мәтіндегі акт, көрініс оқиғаларын нақтылау;

- мәтіндегі шарықтау шегін анықтау;

- мәтіндегі диолог, монологты ұғыну;

- мәтінді баяндай білу;

- кейіпкерлерге мінездеме беру;

Мәтінді талдау барысында төмендегі ескертпелерге тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет:

- керекті сөздің әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;

-  тілдегі ауызекі, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;

- сөйлеу әдебінің сақталуы;

- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;

- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;

- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін, астарын реттеу [2.305].

Сонымен мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функционалдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6) сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге байланысты. Мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады.

Пьеса мәтінін оқудағы маңызды құралдың бірі – «қисынды кідіріс» пен «қисынды екпін». Бұл жерде екпін мен кідірістің түрлеріне көңіл бөліп, оның шарттарымен танысу қажет. Әрбір адам үшін дұрыс сөйлеу қандай міндет болса, сөздерді дұрыс айту актер үшін ең басты шарт. Сөз ішіндегі арнаулы бір  буынның оқшауланып күшті айтылуын екпін дейді. Тіл- тілдегі екпін, негізінде екі түрлі болады:

-  фонациялық ауаның қарқынымен айтылатын байланысты екпін, мұны лебізді немесе динамикалық екпін дейді.

-  дауыс ырғағымен яғни дауыс тонымен байланысты екпін, мұны үнді музыкалы немесе тоникалық екпін дейді.



-  тілде кей уақыт квантитатив, яғни мөлшер екпін де  болуы мүмкін.

Мұның ерекшелігі – бұл екпін түскен дауысты дыбыс басқа дауыстылардан созылыңқы айтылады. Дауысты дыбыстың созылыңқылығы  арнаулы бір фонологиялық мәнге ие болмаған тілде басқа екпінмен  барабар квантитативті екпін де бола алады. Шығарма тіркесіндегі әрбір сөйлем белгілі бір ойды хабарлап, сұрау мағынасында немесе сан алуан көңіл күй құбылысын білдіріп тұрады. Сол себепті айтылған сөйлемдегі ойдың мазмұн мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық, яғни логикалық екпін түседі. Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылып тыңдаушы назарына сол сөздегі дауыс сазы арқылы аңғартады. Логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаныны контекстегі сөз ыңғайына қарай анықталады.

Мәтінмен жұмыс істеу сөз маржанын саралап айтуға үйретеді. Бір сөз екінші сөзге жарығын түсіріп, ой мен сезімге дәл тиіп жатуы керек. Белгілі сөйлемдерді, сөзді, тұтас мәтінді оқығанда дауыс ырғағының құбылуы, тыныс белгілерінің қосымша, көмекші қызметі интонациялық принцип деп аталады. Яғни, дауыс ырғағы – сөйлем интонациясы"[3.21]. Сөздің екпінін өзгертіп айтатын болсақ, онда ол жағдай сөз мағынасының өзгеруіне әкеліп соғады. Әдеби тілде сөйлегенде екпінді дұрыс қоя алмайтындар өте көп. Әсіресе, өлең сөзбен жазылған шығармаларда абай болу керек.

Екпін. Мысалы: "Жүре¢гімнің түбіне терең бо¢йла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да о¢йла" – деп, екпінді дұрыс қоймай сөйлейді. Сондықтан, мәтінді бірден жаттап алмай, оны бірнеше бөлікке бөліп оқу керек. Әрбір сөйлемнің мақсатын, ойын тиянақтап жинақтауы, интонациясын дәл табуына әкеледі.

Мәтінмен жұмыс барысында тыныс белгіге аса мән беру керек. Әрбір сөзді, тіпті, қысқа сөздің өзін әр түрлі мәнмен айтуға болады. Мысалы, «жақсы» сөзін сөйлеуші жайбарақат болуы да, ызалы, ашулы, екі ойлы немесе көңілді болуы мүмкін. Демек, тыныс белгілері автордың сол кездегі көңіл күйін, айтайын деген астарлы ойын жеткізеді. Тыныс белгілерінің шарттары мен атқаратын қызметін толық білу шарт. Жазудағы жансыз әріпке қойылған таңбаны сөйлете білсең, сөйлеу барысында дауыс ырғағыңның өлшемін табасың. Сөз – актер үшін тек үн емес, бейнені тудырушы. Сөйлеу техникасын жете меңгерген актер драматург туындысының қасиетін, асыл құнарын тап басып жеткізуді қамтамасыз ете алады"[4.12]-дейді сахна тілінің маманы Д.Тұранқұлова.

Қазақ тіліндегі одағай сөздер де өзіндік үлкен рөл атқарады. «Еңлік - Кебек» трагедиясындағы Абыздың «Уа, не қыл дейсің? Паки пәруәрдігер!… Бе-еу!…» Деген сөзіндегі «уа» деген одағай, яки «беу» деген безіл, адамның жан дүниесін жұлқып қалады. Неге адам бойындағы бүкіл сезімнің бар пернесін бір-ақ басып, адамды ғажап күйге, күйді ғажап адамға айналдырып, толғантып әкетеді?… Әрбір сөзді тек өз орнында ғана қолданып, тек өз орнында ғана ойната білгенді ұғу шарт.

Мәтінмен жұмыс жасау барысында шығарманың шарықтау шегіне мейлінше көңіл бөлу керек. Шарықтау шегі (лат. «culmen» - шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Бұл тұста образдар да айрықша анық танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарманың аса жауапты тұсы да осы. "Шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні – әдеби қаћармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және суретті сөзі, яки шығарманың тілі"[5.48]-дейді З.Қабдоллов.

Драма – мәнерлі оқуға тәрбиелеудің негізгі құралы емес, оны көруге, ойлануға, бағалауға, тақырыбымен және идеясымен шұғылдануға, автордың жоғары талабын түсінуге үйретеді. "Драма ма, өлең бе бәрібір, әйтеуір нағыз көркем шығарманың мән-мазмұнына зақым келтірмей не бір шумағын, не бір көрінісін өз орнынан алып, басқа жерге қоюға болмайды". Сөз сұлулығы – оның қарапайымдылығы мен табиғилығында. Сондықтан әр сөздің сөйлемдегі орнын іздеп, тексеруіміз керек. Сахнада бір сөзді жібермей, өз мәнімен сөйлеп, әр қозғалыс – қимылын есеппен дәл пайдалану өте шеберлікті керек етеді[6.65]. Ізденуші актер әр сөздің мәтінімен мағынасындағы ұлан-ғайыр өзгерулер мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылу мен құлпыруды дәл аңғара білуі қажет.

Адам санасының түбіне үңілетін, оның жүрек тебірентерлік терең ойын қозғайтын сөз астары екенін білеміз. Сондықтан, сөз – тек сахнаның сырлы сұлу сәулеті ғана емес, спектакль деп аталатын күрделі дүниенің қабырғасын қалайтын тылсым дүние, рухани әлем. Мәтінді талдау тәсілінің келесі мақсаты сөз астарын ашу. Актер үшін басты міндет, біріншіден, сөз астарын ашу, екіншіден сөзді түсіну арқылы өзінің сахналық тәртібі бойынша интонация, қозғалыс қимылын, мимика, сөз, сахналық әрекеті арқылы сыртқы кескінін шығару. Актер мәтіннің астарында жасырынып жатқан «екінші жоспардағы» ұсынылатын жағдайды құруы керек.

Біреудің ойын, жан сезімін, жүрек толғанысын өз бойына сіңіріп, өз сөзіндей етіп жеткізу, сөз астарын толығымен түсіну, драматургтың ойын көрерменге жеткізу қиынның-қиыны. Сөз бір мәнді емес, көп қырлы дүние. Сөздің сыны жалғыз сыртқы мағынасында ғана емес, терең, ішінде де бар. Болашақ актер драматургтың әрбір сөзін саралап, астарын ашып, дұрыс ұғынып, түсінуі тиіс. Бұл ең басты мәселе. К.С.Станиславский: "Сахнада астарсыз, ойсыз жалаң сөзге орын жоқ. Шығармашылықта сөз ақыннан, астар актерден"[7.128]- деген екен. Актер шығарманың сөз кестесін келістіріп, ойын тұспалдап, сөз астарының мәнін ашып, сөз құдіретіне барынша көңіл аударуы қажет. Сөздің астары, ішкі қуаты, психологиялық толғаныстары актердің шығармашылық ойынының негізгі желісі болып табылады. Рөлді ойнау үшін де сөзді дұрыс қабылдай білу керек. Сөз астарын түсініп, сезімдеріңді соған итермелесең, әр рөлді деңгейіне жеткізіп ойнауға болады. Ал егер сөз желісін жаттап алып, оның астарын ашпай, сөзді дұрыс түсінбей, сезімге үңілмесең, ойының ұзаққа бармайды. Оның үстіне кейінгі рөлдерің де соған ұқсап, таптауырындыққа ұрындырады. Өйткені, ол зерттелген кейіпкерің емес, өзің болып тұрасың. Себебі, жаттанды сөздің астары ашылмай, бойыңа сіңбеген.

Театр өнерінің өркендеуінің басты шарттарының бірі –шығарманы жақсы меңгеріп, оның мағынасын жете түсіне, түсіндіре білуінде. Енді бізге, пьесса кейіпкерлерінің ара қатынасы, сезім мен сөз астары, ой астары сияқты ішкі қоздырғыш түрлерімен танысу қажеттілігі тұр. Сөз, оның ішінде сахналық сөз өзінің ішкі қитұрқы астар мағынасымен, терең ұғымымен бағалы. Сахнада сөйлеген мағынасыз сылдыр сөзден көрермен мезі болады. Кейде сөзінің аяғын жұтып, жұлмалап, жұлқып сөйлеген жаралы сөздер өте көп кездеседі. Кейбір жерлерде актерлер қойылған спектакльдердегі сөздің өзін ғана сыдыртып сөйлеуге төселіп алады да, сөздің ішкі мағынасы мен мазмұнына мән бермейді. М.Байсеркенов: "Сөз астары пьеса мен рөлдің әр қилы ішкі желісінен, «егер де...» элементінің матасуынан, қиял тудырған ой мен «ұсынылған тосын жағдайдан», «ішкі әрекет», «зейін нысанасы», «шындық пен сезім» секілді көптеген элементтерден туындайды" [8.102]. – деп атап көрсетеді.

Сөз астары – «Станиславский жүйесінің» асыл мұрасына жататын жеті қазынасының бірі. Сөз астары – терең тебіреністен туады. Содан кейін ол ой мен тебіреніс желісіне жалғанады. Сөздің маңызы мен мазмұны, әсерлілігі мен әуезділігі – адамның жан сарайын оятады. Сөз астарын ашудың да өз құпиясы бар. Ол құпия – айтқан сөзің мен естігеніңді көкірек көзің мен зердең арқылы көріп, сезіну. Сол арқылы автордың терең мағыналы сөздері актердің шебер айтуымен, өзінің бар ішкі сыр-сипатымен, астарлы ойымен көрермендерді баурап алады.

Сөзден өткір, сөзден күшті нәрсе жоқ. Әрбір сөздің белгілі мөлшерде тура мағынасы бар да, сонымен қатар қосалқы мағынасы бар. Сөз қолдануына қарай алуан құбылып, өзгеріп отырады. Сөз – қажет қырын тауып қиюластырмасаң немесе үйлесімді құрастырмасаң, ретіне келмейтін әртүрлі формадағы асыл шыны, не болмаса қымбат тас тәрізді. Яғни, «сөздің төркінін танымай, тегін білмей», мән-мағынасын ажыратпай қолдануға болмайды. Нақтылықты жойып, көмескілікке, абстрактылыққа ұрындырады, сөз мазмұнының өзі жүдеп, нәрсіз, сүреңсіз қарапайым сипат алады. Актер сахна төрінде өз көрерменіне ішкі тебіренген толғанысын, асқақ сезімін жеткізуде сөз құдіретін, сөз қуатын қолданады. Сөздің майын тамыза сөйлеп, айтар ойын жеткізумен ғана шектелмей, кейіпкердің ішкі рухани байлығының, сыртқы бейнелік болмысының, өзара көркемдік байланысқа түсуін, оның үйлесімділігін табу – актердің басты міндеті. Қазақтың әрбір сөзінің терең сыры, мол тарихы бар. Соны терең сезінуге, алуан сипатын, астарын, мәнін білуге, зерттеуге құштар болу керек. Әрине, актер сөзді ойдан шығармайды, драматургтың айтайын деген ойына салмақ беріп, сөзін әрлендіріп, әсерлі еткізіп, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін” халыққа өз шеберлігімен жеткізуге тырысады. Астарын ашып, анық, саралап айтқан әрбір сөзді естіген адамның іштей тазарып, сезім дүниесінің ірілене, тереңдей түсетініне, арманы қанаттана, адамгершілігі ұлғая түсетініне күмән жоқ.

Сондықтанда әрбір драматургиялық шығармада не айтылатынын түсінудің өзі жеткіліксіз, ондағы әрбір сөздің бояуын, үнін, әрбір диалогтың ар жағында жатқан астарлы ойды сезіну және құр сезіну ғана емес, жүрекпен ұғынып сезіну қажет екенін театр маманы жетік зерделеуге тиісті. Әр сөз актер аузынан асықтай иіріліп, ерекше айтылу сырын табады"[9.111] - деп жазады сыншы Б.Құндақбаев. Әрине, спектакльдің құнды сөздерін айта отырып, көрермендерге ой салмасаң, оның несі «театр»,- деген ой туады.

Актер – тілді терең сезініп, әрбір сөз астарынан қайнаған өмірді шығаруы қажет. Яғни, бұл актердің сөз әлеміндегі ізденіс ауқымын кеңейту керектігінің дәлелі. Әр сөздің астарын көрерменге айтып жеткізу актерден аз еңбек тілемесе керек. Егер, сөзді өз салмағымен жеткізе білсең, онда көрермен сенімен бірге бір қызық әлемге самғайтын болады. Сенімен бірге түйінін шешуге тырысады. Кейіпкердің толғанысы мен тіршілігі, сезімі мен жан күйзелісі сөз арқылы көрерменге жетеді. Бүгінгі саханалық өнер ұлтқа қызмет етуі қажет. Сол үшін актер өзінің тілін, ділін, дінін, салт-дәстүрін зерттеп, құнды сөздерінің қорғасындай салмағын бағамдап өлшей білуі тиіс. Демек, сахна өнерінің ең басты құралы сөз десек, оның парқын, астарын, ішкі сырын, қысқасы, сөзбен беру жағын толық меңгеріп, әр сөйлем емес, әр сөз үшін құдды зергерше еңбектеніп, ой зердесінен өткізіп, шығармашылықпен тер төгуі қажет. Автор материалын терең зерттеп, пьесса тіліне автор сөзіне мейлінше көңіл бөліп, сахналық көркем тілде сөйлете білу қажет.

Сахна тілі монологтағы, диалогтағы, әңгімедегі, рөлдегі төл және төлеу сөздегі тура әрекеттің ортақтығын сезінуге көмектеседі. Берілген мәтінді, сөйлемді талдай отырып, автордың стилін, тілдің негізін, тақырыптың маңыздылығын анықтап, көркемдік деңгейін, шарықтау шегін әрлейміз. Актер үшін әрбір сөз гауһар тас секілді болуы қажет. Асыл тастың қыры көбейген сайын құны арта түседі. Демек, зергерленбеген, дайындықты қажет етпеген сөз – бос сөз. Іштей пісіп жетілген, зерттелген, толыққанды түсінген сөздеріңді серіктесіңе айтып, оны қабылдау, сенің өткізе білу процесің шыңдалмаса, сөз ойналмайды. «Сөз шығармадағы тілдің энергиялық табиғатына сүйенеді. Тілдің шығармашылық қуатын адам өзінің рухани қуатын дамытуға, ішкі жан дүниесін жеткізуге пайдаланады[10.198]-делінген. Сөзді әдемі жаза білу бар да, сауатты сөйлеу және халыққа оны мән-мағыналы етіп жеткізу бар. Сондықтан оқу процесінің алғашқы жылдарында көркем сөзбен жұмыс жүргізу кеңінен қойылған.

Пьесаның көркемдік және идеялық мазмұнының терең ашылуы сахналық тілге байланысты екенін ұққан актер мәтіннің айтылуы, сөз астарының ашылуына, дауыс үнінің дұрыс шығуына, сөз ырғағының, тыныстың орынды қойылуына т.б. тіл өнеріне қажетті көркем шығармашылық жұмыстарға баса көңіл бөлу қажет.

Актердің басты мақсаты – мәтінді игеру, ойналып жатқан образды тіл техникасы арқылы сомдау болып табылады. Мәтінді талдау барысында актер қызуқандылығын көтереді, сезімдері жалындайды. Логикалық ойлаудың арқасында актер әрекет арқылы сезімге жетеді. Драмалық мәтінді талдай білу арқылы сахнада нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін, автордың айтайын деген ойын ұғынады. Драматургиялық шығарманы немесе көркем сөз туындыларын толыққанды шеберлігімен көрерменге жеткізу үшін мәтінді талдаудың көптеген сатыларынан өтуі қажет. Бір-бірімен үндесіп, қиылысып жатқан сөздердің мағынасы мен астарын, көңіл-күйі мен ырғағын, көркемділігі мен шырқау шегін дәл анықтау үшін мәтінмен жұмыс жасау маңызды.



Шығарманы талдаудағы басты принцип оның мазмұны мен формасын өзара бірлікте талдау десек, бұл мәселелер шығарманың көркемдік элементтерін (компоненттерін), әсіресе образдар жүйесін талдап түсінуді талап ету. Автордың идеялық проблематикасы, драмалық шығарма негізіндегі терең ойы көбіне осы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы берілетінін түсіндіреді. Дегенмен, образдық талдауда тәжірибеде кемшіліктер де орын алып отыр. Кейіпкерді ұнамсыз, ұнамды (жағымды, жағымсыз деп те жүрміз) топтарға бөліп талдау оншалықты тиімді емес. Жағымсыз кейіпкердің бойынан жақсы тұстарын, жағымды кейіпкердің осал тұстарын аңғару керек. Мәтінде сол мінездерін дәлелдейтін сөздердің мәйегін табу керек. Қорыта айтқанда, мәтінді талдаудағы басты мақсат – драматургиялық шығарманы талдау жолдарын меңгерту, көркемдік – эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін, т.б.бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу. Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, драмалық шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Тауман Амандосов / ред.басқ. Ғ.М. Мұтанов. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.

  2. Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері
    және оған қойылатын талаптар// «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004.-464 б.

  3. Әмір Р. Атабаева М. «Қазақ тілі» А., 2005.

  4. Тұранқұлова Д. Сахна тілі. Оқу құралы. А., 1999.

  5. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы. "Жазушы". 1983.

  6. Тұранқұлова Д. Сырлы сөз-сахна сәні. А., Білім. 2003 ж.

  7. Станиславский К.С. Шығ. толық жинағы. 3 т. М., 1954-1963.

  8. Байсеркенов М. Сахна және актер. Алматы. 1993.

  9. Құндақбаев Б. Мұхтар Әуезов және театр. Алматы. 1997.

  10. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. М., Издат.группа «Прогресс», 2002.



Резюме:

В статье рассматривается анализ текста и метод работы драматических произведений. В ходе анализа текста будут рассмотрены в научном плане направления и примечания.
Summary:

The analysis of text is examined in this article. Directions and reservations will be considered during the analysis of the text.




Достарыңызбен бөлісу:

antisepticheskaya-obrabotka-pilomaterialov-pravila-po-ohrane-truda-v-lesozagotovitelnom-derevoobrabativayushem-proizvodstvah.html
antispamovaya-programma-ustanovlennaya-na-domashnem-kompyutere-sluzhit-dlya-viberite-naibolee-tochnij-otvet-antispamovaya-programma-ustanovlennaya-na-domashnem-kompyutere.html
antiterror-vernuli-fsb-vedomosti-nikolskij-aleksej-17022006-28-str-a2.html
antiterroristicheskoj-komissii-stranica-8.html
antiulcerogennie-lekarstvennie-sredstva-kniga-rasschitana-na-issledovatelej-zanimayushihsya-voprosami-istorii-medicini.html
antivirusnij-kompleks-51-kompleksnaya-sistema-zashiti-informacii-54-obshie-svedeniya-64-vozmozhnie-shemi-zashiti-66-trebovaniya-k-antivirusam-dlya-shlyuzov-78-ugrozi-i-metodi-zashiti-ot-nih-80.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/predistoriya-obrazovaniya-zapovednikov-v-rossii-5.html
  • books.bystrickaya.ru/chast-7-v-godi-vojni-pozharnoj-ohrane-g-novosibirska-kazhdij-pozharnij-geroj-vsyu-zhizn-na-vojne-kazhduyu-minutu-riskuet-zhiznyu.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/programma-vstupitelnih-ispitanij-i-pravila-ih-provedeniya-v-fgbou-vpo-rgeu-rinh.html
  • learn.bystrickaya.ru/eta-kniga-posvyashaetsya-konstantinu-konstantinovichu-mindzhiya-s-ulici-inge-kotorij-nauchil-menya-uchitsya-kogda-ya-uchus-rusudan-grigorevne-gogiya-iz-goroda-tkvarche-stranica-28.html
  • occupation.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-hanti-mansijsk-2010-g-metodika-provedeniya-kruglogo-stola.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-informatike-naimenovanie-disciplini-dlya-specialnosti.html
  • institut.bystrickaya.ru/tablica-412-elektrodi-s-pokritiem-osnovnogo-vida-dlya-svarki-i-remonta-nepovorotnih-i-povorotnih-stikov-trub-pri-stroitelstve-rekonstrukcii-i-remonte-nefteprovodov.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-15-organi-gosudarstvennoj-vlasti-v-subektah-rossijskoj-federacii-rabochaya-programma-po-discipline-konstitucionnoe-pravo-rf.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razdel-i-remont-vnutridomovih-inzhenernih-sistem-3-poryadok-vklyucheniya-v-perechen-rabot-po-kapitalnomu-remontu.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tarifnaya-politika-zheleznih-dorog-ukraini-na-2008-frahtovij-god-stranica-24.html
  • occupation.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-k-prakticheskim-zanyatiyam-2004-stranica-7.html
  • writing.bystrickaya.ru/derzhavna-pdtrimka-slskogo-gospodarstva-ta-formi-v-ukran.html
  • shkola.bystrickaya.ru/ned-disciplina-vid-zanyatiya-prepodavatel-mesto-provedeniya-zanyatiya.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-1-socialno-psihologicheskaya-struktura-gruppi-prakticheskaya-psihologiya.html
  • textbook.bystrickaya.ru/katalog-rabot-uchastnikov.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/etnchna-kultura.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/v-n-bryushinkinim-glavi-11-17-i-primechaniya-k-nim-stranica-49.html
  • predmet.bystrickaya.ru/spisok-uchebno-metodicheskoj-literaturi-i-obshie-posobiya-spravochniki-literaturnaya-enciklopediya-v-12-ti-tomah-moskva-hudozhestvennaya-literatura-1930-1939.html
  • institut.bystrickaya.ru/tanker-pmp-spushen-na-vodu-na-sudostroitelnom-zavode-hyundai-heavy-industries-v-g-ulsan.html
  • writing.bystrickaya.ru/i-obshaya-harakteristika-stranica-5.html
  • literature.bystrickaya.ru/ekzamen-po-russkomu-yaziku-prinyali-uchastie-2355-chel-969-ot-obshego-kolichestva-vipusknikov-ix-klassov.html
  • writing.bystrickaya.ru/lichnoe-strahovanie-turistov.html
  • student.bystrickaya.ru/-poryadok-ispolzovaniya-transportnih-kart-izmenitsya-informacionnij-byulleten-mestnogo-samoupravleniya-izdaetsya.html
  • writing.bystrickaya.ru/doklad-orezultatah-i-osnovnih-napravleniyah-deyatelnosti.html
  • report.bystrickaya.ru/kniga-vtoraya-aforizmov-ob-istolkovanii-prirodi-ili-ocarstve-cheloveka-stranica-17.html
  • reading.bystrickaya.ru/literatura-po-kursu-obshaya-teoriya-statistiki-obshaya-teoriya-statistiki-stranica-6.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zadachi-obrazovatelnie-zakrepit-predstavleniya-uchashihsya-o-modelyah-i-modelirovanii-vidah-informacionnih-modelej-matematicheskih-modelyah-tablichnih-informacionnih-modelyah.html
  • esse.bystrickaya.ru/razdel-i-obshie-polozheniya-zakon-rossijskoj-federacii-o-polozhenii-i-pravah-voennosluzhashih-status-voennosluzhashih.html
  • letter.bystrickaya.ru/net-opravdaniya-vedomosti-gazeta-moskva-anastasiya-kornya07-02-2011-8-stranica-25.html
  • bukva.bystrickaya.ru/tehnologii-sozdaniya-setej-chast-15.html
  • universitet.bystrickaya.ru/teoriya-i-praktika-socialnoj-raboti.html
  • studies.bystrickaya.ru/istoriya-razvitiya-sredstv-svyazi.html
  • tasks.bystrickaya.ru/13-nachalnaya-maksimalnaya-cena-kontrakta-elektronno-vichislitelnaya-tehnika-ee-detali-i-prinadlezhnosti.html
  • writing.bystrickaya.ru/diplom-po-grazhdanskomu-pravu-chast-19.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-12-magiya-vsesilnas-drugogo-foruma-garri-potter-i-dari-smerti.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.