.RU

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасы

бет1/3Дата06.02.2017өлшемі435.62 Kb. 1 2 3
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің    
2015 жылғы «25» ақпандағы 

№ 112


бұйрығымен бекітілген
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасы


  1. Жалпы ереже

1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс), «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Жеке басын анықтайтын құжаттар туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Жеке мәліметтер туралы», «Сәйкестендіру нөмірлердің Ұлттық реестрі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа да неке заңнамасының саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде дайындалды.

Қағида тіркеуші органдардың Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке (ана) болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру

2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - тіркеуші органдар) электронды түрде «Азаматтық хал актілері жазбалары» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «АХАЖ» АЖ) арқылы жүргізеді.

Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпияны сақтау мақсатында, меншіктенуші және ақпараттық жүйелердің иесімен АХАЖ АЖ-не тіркеуші органдармен қол жеткізуі қолдану құқығын беру туралы өтінімдердің келісуі арқылы жасалады.

Аумақтардағы облыстық (республикалық маңызы бар қала) әділет органдары құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан, актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.

3. Тіркеуші органдар мынадай әрекеттерді атқарады:

1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке (ана) болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін, жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және жояды;

3) жоғалған жазбаларды қалпына келтіреді;

4) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;

5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жүргізіледі және олармен жасалған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде, егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

5. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тіркеуші органдармен құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес, жеке басын анықтайтын құжаты бойынша жасалады.

Жеке басын анықтайтын құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеуі, жарамсыз болып табылып және олар Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы тиіс.

6. Әскери міндетті немесе шақырылушы әскери есепте тұрған азаматтың тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда), туған уақыты және жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар қайтыс болуының тіркелген жағдайда тіркеуші орган бұл туралы жеті жұмыс күн ішінде жергілікті аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскери басқармаларға хабарлауы тиіс.




2. Тууды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі
7. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті осы Қағидасың 1-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанда не электронды түрде ата-аналары не басқа мүдделі тұлғалары тіркеуші органға, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның туылған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туылған жағдайда туылған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктіріктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды тұлғасы береді.

Ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актірелін тіркеуді ұйымдастыру аудан немесе қаланың жергілікті атқарушы органымен атқарылады.

8. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінішті электронды түрде берген кезде өтініш беруші баланың тууын растайтын медициналық куәлік, жеке басын куәландыратын құжаттар және неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы мәліметтерді көрсетеді.

9. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш алған кезде лауазымды тұлға өтініш нысанының дұрыс толтырылуына және оған қоса берілген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізеді.

10. Өтініш толық толтырылған және құжаттар дұрыс болған жағдайда лауазымды тұлға қабылданған өтінішті осы Қағидасың 2-қосымшасына сәйкес өтініштерді есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал), тіркейді және өтініш иесіне өтініш бланкісінің жыртылатын талонын береді.

Өтініштерді есепке алу журналын электронды түрде жүргізуге жол беріледі.
      11. Жүргізілген тексеру нәтижесінде лауазымды тұлға АХАЖ АЖ деректерді енгізеді.

12. АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуден кейін акт жазбасы екі данада басып шығарады және туу туралы куәлік қалыптастырылады.


      Туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидасың 3-қосымшасына сәйкес "Елтаңбалы бланкілер беру" журналына (бұдан әрі - шығыс журналы) енгізіледі, сосын өтініш иесіне туу туралы куәлік беріледі.
      13. Екі одан да көп балалардың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде әр қайсысына туу туралы медициналық куәлік беріледі, олардың негізінде бірінен кейін бірін туу туралы жеке жазба жасалады және баланың туу туралы жеке-жеке куәлік беріледі.

14. Екі ай мерзім өткен, сондай-ақ бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы Қағидасың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген мерзімді бұза отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеуші орган екі данада жасаған қорытынды негізінде жүргізіледі.

15. Екі ай мерзімі өткен, сондай-ақ бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті алған кезде лауазымды тұлға өтініш нысанының дұрыс толтырылуына және қоса берілген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізеді.

Тексеру нәтижесі бойынша мерзімін бұзып тіркеу туралы қорытынды жасалады және тіркеу органының лауазымды тұлғасымен бекітіледі.

16. Бір жасқа дейінгі баланың тууын мемлекеттік тіркеу тууды ағымдағы тіркеу туралы  кітабында жүргізіледі.

Бір жастан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы кітабында жалпы тәртіп бойынша, бастапқы жазба сияқты жүргізіледі, бірақ реттік саннан кейін "В" деген әрпі қосылып жазылады.

17. Құжаттарды толық тапсырмаған немесе дәйексіз мәліметтер берген жағдайда тіркеуші органның лауазымды тұлғасы ерікті жазбаша дәлелденген бас тарту түрінде, мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеуден бас тарту бөлек хатпен ресімделеді, бас тартудың негізі көрсетіліп, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы актілік жазбаларға және елтаңбалы куәліктерге қол қоюға құқылы тіркеуші органның лауазымды тұлғасы қол қояды.



3. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру
18. Әке (ана) болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға жазбаша түрде осы Қағидасың 5-қосымшасына сәйкес өтініш нысанның дұрыс толтырылуына және Кодекске сәйкес қоса берілген құжаттары тексеруге жатады.

19. Өтініш толық толтырылған және құжаттар дұрыс болған жағдайда лауазымды тұлға қабылданған өтінішті есепке алу электронды түрде журналға тіркейді.

20. Егер баланың тууы туралы акт жазбасында баланың әкесi ретiнде белгiлi бiр адам көрсетiлсе, сонымен қатар, ұсынылған құжаттар Кодекс талаптарына сәйкес келмесе, тіркеуші орган әке (ана) болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

Бұл жағдайда тіркеуші орган баланың тууы туралы жазбасы бойынша әкесi туралы бұрын енгiзiлген мәлiметтердiң негiзділігін тексереді.

Тексеру:

1) егер әкесi анықталатын баланың анасы тiркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса;

2) егер баланың анасы тiркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаса, ал тууы туралы куәлiкте баланың әкесiнiң тегi анасының тегiмен сәйкес келмесе тексеру жүргізіледі.

Егер туу туралы жазба басқа тіркеуші органда болса, оның көшiрмесi көрсетiлген мәлiметтердi нақтылау үшiн бiр айдың iшiнде алдырылады. Туу туралы актiлiк жазудың көшiрмесiнiң сұратылғаны туралы өтініш берушiлерге (өтініш берушiге) хабарланады және әке (ана) болуды белгілеу мемлекеттік тiркеу күнi белгiленедi. Бұл жағдайда өтініш түскен күнi өтініштерді тіркеу журналында тiркеледi, ал әке (ана) болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туу туралы актi жазбасының көшiрмесiн алғаннан кейiн жүргiзiледi.

Егер туу туралы жазба АХАЖ АЖ бар болса, көшірмесі сұратылмайды.

21. Әке (ана) болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі.

Егер әке (ана) болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі қоса берілмейді.

22. Жүргізілген тексеру нәтижесінде лауазымды тұлға АХАЖ АЖ-ға мәліметтер енгізеді.

23. АХАЖ АЖ-та туу мен әке болуды белгілеуді бір мезгілде мемлекеттік тіркеген кезде туу туралы екі акті жазбалары және әке (ана) болуды белгілеу туралы екі данада басып шығарылады және туу туралы куәлік пен әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер қалыптастырады.

24. Егер әке (ана) болуды белгілеу туралы мемлекеттік тіркеу жүргізілген кезде тууға мемлекеттік тіркеу жасалынған болса, онда әке (ана) болуды белгілеу туралы акті жазбасы екі данада басып шығарылады және әке (ана) болуды белгілеу туралы куәлік қалыптастырылады.

Әке болуды белгілеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізіледі, сосын өтініш иесіне аталған куәлік беріледі.

25. Әке болуды белгілеу туралы актілік жазба негізінде тіркеуші орган сол күні баланың тууы туралы акт жазбасына әкесі туралы және осы өзгерістерге байланысты мәліметті баланың туу туралы акті жазбасына енгiзедi және тууы туралы жаңа куәлiк жiбередi, ол туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әдiлет органына тууы туралы акт жазбасының екiншi данасына тиісті өзгерiстерді енгiзу үшiн хабарлама жiбередi.

26. Егер баланың туу туралы акті жазбасы басқа жерде болса, әке (ана) болуды белгілеу туралы актілік жазба тіркелген күні тіркеуші орган баланың тууы туралы акт жазбасының бірінші данасының сақталған жеріне туу туралы акт жазбасына қажеттi өзгертулер енгiзу үшін хабарлама жібереді.

27. Алынған хабарлама негізінде тіркеуші орган баланың тууы туралы акт жазбасына қажеттi өзгертулер енгiзедi және туу туралы жаңа куәлiк жiбередi. Бір мезетте облыстық (республикалық маңызы бар) аумақтық әдiлет органындағы тууы туралы акт жазбасының екiншi данасына дәл осындай өзгерiстер енгiзу үшiн хабарлама жiбередi.

28. Соттың шешімімен әке болуды белгілеу жөнiндегi акт жазбасы жарамсыз деп танылған жағдайда тіркеуші орган оны жояды.

29. Әке болуды белгілеу туралы бұрын шығарылған сот шешiмiн бұзу жөнiндегi сот ұйғарымын (қаулысын), сондай-ақ әке болуды белгілеу жөнiндегi акт жазбасының күшiн жою туралы жазбаны жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн алған жағдайда тіркеуші орган жазбаның сыртқы бетiнiң жоғарғы жағына көлбеу: "Жазбаның күшi жойылған" деп көрсетедi, 21-бағанада қашан және қай соттың шешiм шығарғандығы туралы белгi қояды.

30. Акт жазбасының күшi жойылғандығы туралы тіркеуші орган облыстық аумақтық әдiлет органын (республикалық маңызы бар қала) хабарлайды, осы тәртiппен жазбаның екiншi данасының күшiн жояды.

31. Әке болуды белгілеу туралы акт жазбасының күшi жойылғаны туралы тууы туралы акт жазбасы тұрған жердегi тіркеуші органын хабарлайды, ол акт жазбасындағы бастапқы өзгерiстердi (егер әке (ана) болуды белгілеуге байланысты баланың тегi өзгерсе, сондай-ақ оның әкесiнiң аты мен әкесi туралы мәлiметтер өзгерсе) қайта қалпына келтiрiп, тиiстi белгi қойылады. Қойылған белгi бойынша туу туралы акт жазбасының екiншi данасы тұрған облыстық (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әдiлет органына хабарланады.

32. Әке (ана) болуды белгілеу туралы акт жазбасының күшi жойылған кезде тіркеуші орган баланың анасына тиiстi жәрдемақы алу үшін халықты әлеуметтiк қорғау органына қажет болған жағдайда ұсыну үшiн анықтама бередi.

Ақпараттық жүйе мен АХАЖ АЖ ықпалдасу болған кезде, ақпарат электронды түрде жолданады.      

33. Баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке (ана) болуды белгілеуді өкіл арқылы тіркеуге жол берілмейді.
4. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі

     


34. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы өтініш тіркеуші органға осы Қағидасың 6-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанда немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде, некеге алғаш рет тұратындарға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.

35. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы өтініш өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі, онда некеге (ерлі-зайыптылыққа) ниет білдірушілердің есімі, әкесінің аты (бар болғанда), өтінішті қабылдау күні, некеге тіркеу күні, соңында неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акті жазбасының нөмірі көрсетіледі.

Түскен өтініштерді есепке алу журналын электронды түрде жүргізуге жол беріледі.

36. Өтінішті қабылдау кезiнде тіркеуші орган неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) ниет бiлдiрушi адамдарды некенi тiркеу тәртiбiмен және шарттарымен таныстыруға, оларға болашақтағы жұбайлар және ата-аналар ретiндегi мiндеттерi мен құқықтары туралы түсiндiруге, екеуiнiң өзара келiсiмi бойынша медициналық тексеруден, сондай-ақ некеге (ерлі-зайыптылық) тұрушылардың неке кезiндегi және некенiң бұзылуы жағдайындағы мүлiктiк құқықтары мен жұбайлық мiндеттерiн анықтайтын неке шартын жасасу құқығы туралы хабардар етуі тиіс.

37. Бұрын тiркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған адамдар тіркеуші органға бұрынғы некенiң тоқтатылғандығын растайтын құжаттар: некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзғаны туралы куәлiктi, жұбайының қайтыс болғандығы жөнiнде куәлiктi не некенi жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiн ұсынуға тиiс.

38. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұрғысы келетiн адамдардың келiсiмi бойынша тіркеуші орган некенi тiркеудiң уақытын (күнiн және сағатын) тағайындайды, ол туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында және өтінішке тиісті белгі қояды. Ағымды мерзiм өтініш берiлгеннен кейiнгi келесi күннен басталады және келесi айдың тиiстi күнi бiтедi. Егер бұл жұмыс емес күнге тура келсе, онда мерзiмнiң бiту күнi келесi жұмыс күнiнен бастап есептелiнедi.

39. Неке жасына толмаған тұлғалардың некесін (елі-зайыптылық) қиюын тіркеуге осы Қағидасың 7-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жасалған неке жасын азайту туралы тіркеуші органның қорытындысы немесе бас тартуы негізінде жол беріледі.

Неке жасын азайту туралы өтінішті осы Қағидасың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша некеге тұруға ниет бiлдiрушiлер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) неке жасын азайтуға қажеттi тиiстi құжаттармен расталған себептерiн көрсете отырып, бередi.

Барлық жағдайда неке жасын азайтуға тек некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрушылардың келiсiмiмен ғана жол берiледi, сондай-ақ неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасында некеге тек ата-аналарының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен рұқсат етiледi.

Өтініш беруші азаматтар қойған қолдарының түпнұсқалығы лауазымды тұлғаның қолымен және тіркеуші органның мөрімен расталады.

40. Өтінішке неке (ерлі-зайыптылық) жасын азайту себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, туу туралы куәліктің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-аналарының және кәмелетке толмағандардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар) қоса беріледі.

Өтінішті қарау нәтижесінде неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органмен жасын азайту туралы шешім қабылданады немесе негізделген бас тарту жасалады.

41. Неке қиюды (ерлі-зайыпты) болуды мемлекеттік тіркеу белгіленген күні тіркеуші органның лауазымды тұлғасы АХАЖ АЖ-ға мәлімет енгізеді.

42. АХАЖ АЖ-да тіркегеннен кейін актілік жазбасы екі данада басып шығарылады және неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік қалыптастырылады.

Неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізіледі.

43. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге тұратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі, содан кейін тіркеуші орган неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік береді.

Некені (елі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылық) тұратын адамдардың тілегі бойынша туыстары мен куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.

44. Некені (ерлі-зайыптылықты) өкіл арқылы тіркеуге жол берілмейді.


5. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі

45. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға осы Қағидасың 9-қосымшасына сәйкес жазбаша түрде беріледі немесе ерлі-зайыптылардың бір біріне наразылығы, мүлікке қатысты дауы және кәмелет жасқа толмаған ортақа балалары болмаған кезде, өзара келісімі бойынша тұлғалар «электрондық портал» веб-порталы арқылы элетронды түрде өтініш береді.

Заң күшіне енген сот шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші осы Қағидасың 10-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанды түрде сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органға беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жолыққан жағдайда, актілік жазба тіркеуші органмен консулдық берген құжатты заңдастыру немесе арнайы штамп (апостиль) мөрімен бекітілген (Минск және Кишинев конвенцияларының қатарына кіретін елдерден талап етілмейді) сот шешімі негізінде арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша жасалады.

Жұбайының хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініші осы Қағидасың 11-қосымшасына сәйкес жазбаша түрде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі.

Егер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш әскери қызметкердің қызметін өтеу орны бойынша тіркеуші органға берілетін болса, онда оның тұрғылықты жері болып тиесілі әскери бөлімнің немесе мекеменің орналасқан жері саналады.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға "электрондық үкімет" порталы арқылы электронды түрде өтініш беруіне жол беріледі.

46. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш өтініштерді есепке алу журналында тіркеуге жатады, онда өтініш берушінің (өтініш берушілердің) тегі, есімі, әкесінің есімі (бар болғанда), өтінішті қабылдау күні, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге арналған күн, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акті жазбасының нөмірі көрсетіледі.

Өтінішті есепке алу журналын электронды түрде жүргізуге жол беріледі.

47. Егер бір жұбайына қатысты некені (ерлі-зайыпылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу жүргізілген болса, онда басқа жұбайынан тұрған жерінен келіп түскен өтінішті сот шешімінің көшірмесімен бірге және мемлекеттік бажды төлегендігі туралы түбіртегімен бірге некені бұзу туралы акт жазбасы тұрған орын бойынша оны жетіспейтін мәліметтермен толықтыру үшін акт жазбасы жазылған органға жібереді.

48. Оған қоса берілген құжаттар мен өтінішті алған тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын толықтырады және өтініш берушінің тұратын жеріндегі тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті табыс ету үшін жібереді.

Акт жазбасын толықтырғаннан кейін тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының екінші данасы тұрған жері аумақтық бойынша облыстық (республикалық маңызы бар) аумақтық әдiлет органынына хабарлама жібереді.

49. Хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғамен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш түскен жағдайда тіркеуші орган өтініш келіп түскен күннен бастап бір апта мерзімде сотталушының отырған жері бойынша хабарлама жібереді. Хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн ішінде сотталушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша даудың бар не жоқ екендігі жөнінде жазбаша хабарлайды.

50. Тіркеуші орган өтініш берушіге тиесілі хабарламаның жіберілгендігі жөнінде, сондай-ақ хабарламаға жауап алу үшін белгіленген мерзім жөнінде хабарлайды.

Даудың жоқ екендігі жөнінде хабар алынғаны не жауап алынбағаны жағдайда тіркеуші орган өтініш берушінің қатысуымен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркейді.

51. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу бір ғана тіркеуші органда жүргізіледі.

52. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген күні лауазымды тұлға мәліметтерді АХАЖ АЖ-ға енгізеді.

53. Егер некені (ерлі зайыптылықты) бұзу бір жұбайына қатысты жүргізілетін болса, онда акт жазбасын жасаған кезде оған осы жұбайына қатысты барлық қажетті мәліметтер енгізіледі.

Екінші бір жұбайына қатысты тек некені бұзғанға дейінгі тегі, есімі, әкесінің есімі және оның туған уақыты, сондай-ақ соттың шешімі бойынша осы жұбайы төлеуге тиіс мемлекеттік баж сомасы ғана көрсетіледі.

Бұл жағдайда некені (ерлі зайыптылықты) бұзу туралы куәлікте тек некені (ерлі зайыптылықты) бұзуды тіркеген жұбайының некені (ерлі зайыптылықты) бұзғаннан кейін берілген тегі көрсетіледі.

54. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркегеннен кейін екі данада актілік жазба басып шығарылады және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік қалыптастырылады.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізіледі, содан кейін өтініш иесіне аталған куәлік беріледі.

55. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнінде некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы актілік жазба орналасқан жердегі тіркеуші органға хабарлама жібереді, сондай-ақ, екінші данасы орналасқан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына хабарлама жібереді.

56. Хабарлама алған соң, тіркеуші орган некенi (ерлі-зайыптылықты) қию туралы акт жазуының "Белгiлер үшiн" деген бағанында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу қашан және қай тіркеуші органда тiркелгендiгiн, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазуының нөмiрiн көрсетiп, некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғандығы туралы белгi қояды.

Акті жазбасының сыртқы бетінде жоғары жағынан "Неке бұзылды" деп көрсетіледі.

57. Егер некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы акті жазбасында некенің бұзылғаны туралы белгі болса, онда некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы қайталама куәлік берілмейді.

Бұрынғы жұбайларға өздерінің некеге дейiнгi тегiн растау үшiн тіркеуші орган аталған адамның некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрғанын, содан соң оның бұзылғанын растайтын анықтама береді.

58. Жұбайлардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды өкілдері арқылы мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:

96-kultura-zakonodatelnoe-sobranie-krasnoyarskogo-kraya.html
96-pererabotka-antracenovoj-frakcii-viii-pererabotka-frakcij-sirogo-benzola.html
96-rabota-na-kabelyah-po-kotorim-podaetsya-napryazhenie-distancionnogo-pitaniya-dp-k-apparature-neobsluzhivaemih-usilitelnih-punktov-nup-i-neobsluzhivaemih-regeneracionnih-punktov-nrp.html
96-tehnologii-vodogazovogo-vozdejstviya-na-plast-kurs-lekcij-tomsk-2008-lekciya-1.html
96-vtoroj-koncert-bernard-verber-revolyuciya-muravev.html
9615-inventar-dlya-sportivnih-igr-0110-elektroenergiya.html
  • education.bystrickaya.ru/-prisposoblenie-chelovecheskih-soobshestv-socialnih-grupp-i-otdelnih-individumov-k-menyayushimsya-prirodno-geograficheskim-i-istoricheskim-socialnim-usloviyam-zhiz.html
  • letter.bystrickaya.ru/nalogi-i-nalogovoe-planirovanie-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-napravlenie-podgotovki-080100-ekonomika-ukazivaetsya.html
  • spur.bystrickaya.ru/mehanizmi-na-evropejskata-politika-za-ssedstvo-sedma-ramkova-programa-na-evropejskiya-syuz-za-nauchni-izsledvaniya.html
  • urok.bystrickaya.ru/prikaz-562s-narkomata-aviacionnoj-promishlennosti-sssr-o-skorejshem-osvoenii-serijnogo-proizvodstva-il-2-25-iyunya-1941-g.html
  • control.bystrickaya.ru/enciklopediya-specij-enciklopediya-specij-izrailskoj-kuhni.html
  • testyi.bystrickaya.ru/achalnoe-srednee-i-visshee-professionalnoe-obrazovanie-aspirantura-doktorantura-povishenie-kvalifikacii-i-perepodgotovka-kadrov.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-5-klassifikaciya-sudebnih-ekspertiz-sudebnaya-ekspertiza-vgrazhdanskom-arbitrazhnom-administrativnom-iugolovnom-processe.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-2-predmet-i-metod-buhgalterskogo-ucheta-e-a-morozova-kompyuternaya-verstka.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sabati-tairibi-nslder-nslderd-tedg-sabati-masati-blmdlk.html
  • books.bystrickaya.ru/doklad-rukovoditelya-duhovno-prosvetitelskogo-centra-imeni-prosvetitelej-slavyanskih-kirilla-i-mefodiya-doktora-pedagogicheskih-nauk-professora-kafedri-obshej.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/avtorskaya-rabota.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-43-a-p-chehov-zapisnie-knizhki-gde-ona-teper-bolshaya-doroga-i-ee-veselie-priklyucheniya.html
  • writing.bystrickaya.ru/amerikanskie-depozitnie-raspiski-i-vozmozhnosti-ih-vipusk-rossijskimi-emitentami.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnoj-oznakomitelnoj-praktiki-pr-u-01-specialnost-080502-ekonomika-i-upravlenie-na-predpriyatii-gorodskogo-hozyajstva.html
  • assessments.bystrickaya.ru/chast-iii-vneklassnaya-rabota-uchebnij-plan-programma-formirovaniya-uud-programmi-otdelnih-uchebnih-predmetov-i.html
  • literatura.bystrickaya.ru/semejnie-prazdniki-umk-m-z-biboletovoj-enjoy-english-6-klass-2011-2012-uch-god.html
  • textbook.bystrickaya.ru/informaciya-ob-itogah-pervogo-mezhdunarodnogo-konkursa-tvorcheskih-rabot-obuchayushihsya-obsheobrazovatelnih-uchrezhdenij-posvyashennogo-25-letiyu-avarii-na-chernobilskoj-aes-pomni-radi-budushego.html
  • report.bystrickaya.ru/kazahstansko-tureckie-otnosheniya-v-postsovetskij-period-1991-2006-gg-07-00-03-vseobshaya-istoriya.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/v-s-churakov-predsedatel-redakcionnoj-kollegii-stranica-8.html
  • books.bystrickaya.ru/cerkovnie-zakoni-kartashev-a-v.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/sg-bogdanov-gb-dobrecov-g-b-dobrecov-32-voprosi-optimizacii-byudzhetnogo-processa-v-celyah-obespecheniya-sistemnogo.html
  • learn.bystrickaya.ru/f1-n-shmtu-701-01-ii-sapa-menedzhment-zhjes-moduldk-zhmis-ou-badarlamasi-zhne-sillabus.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-vosmaya-klyuch-k-uspehu-v-lyubom-dele-umenie-vesti-lyudej-za-soboj.html
  • lesson.bystrickaya.ru/nalogooblozhenie-nedvizhimosti-chast-4.html
  • bukva.bystrickaya.ru/prochee-klyuchi-tajn-.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/literatura-universalnogo-soderzhaniya-71.html
  • turn.bystrickaya.ru/poletta-lestafe-vovse-ne-vizhila-iz-uma-kak-polagali-okruzhayushie-i-uzh-konechno-razlichala-dni-nedeli-a-chto-eshe-ej-ostavalos-delat-v-etoj-zhizni-schitat-dni-stranica-6.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/tamozhennaya-poshlina-2.html
  • knigi.bystrickaya.ru/saba-zhosparlarini-lgler-malm-s-tzhribesnen-rastiran-ajtzhanova-shaizada-ahashizi.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-en-v-finansovaya-matematika-dlya-specialnosti.html
  • control.bystrickaya.ru/chast-iii-filosofiya-i-obshestvo-uchebnik-podgotovlen-kollektivom-izvestnih-rossijskih-uchenih-prepodavatelej.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vidi-kreditnih-uchrezhdenij-i-ih-funkcii.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/zaklyuchenii-razvitie-hudozhestvennoj-kulturi-lichnosti-v-polikulturnom-obrazovatelnom-prostranstve.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tipovie-uchebnie-programmi-specialnoj-tehnologii-i-proizvodstvennogo-obucheniya-po-edinichnim-kvalifikaciyam-tipovie-uchebnie-plani-stranica-5.html
  • essay.bystrickaya.ru/byulleten-novih-postuplenij-v-nb-rgu-za-2-kvartal-2011-g.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.